Түркістан қаласында өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға 3696 отбасы өтініш берген. Олардың барлығы жыл аяғына дейін аталған көмекпен қамтылған. Оның ішінде шартты көмекті 2844 отбасы алса, шартсыз түрде 852 отбасыға төлем жасалған.
Сондай-ақ, кепілдендірілген әлеуметтік топтама 4875 балаға тағайындалған. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркістанда аз қамтылған азаматтардың үлесі төмендеген.
Айта кетейік, биыл атаулы әлеуметтік көмек төлемдері — «Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін ұйымдастыру жөніндегі орталығы» арқылы жүзеге асырылады.
Гүлдана Дәурен