Утильдік алымға жеңілдік мамырда қолданысқа енуі мүмкін

78

Отандық автокөліктерге 4 процентпен жеңілдетілген несие берудің нақты тетігі 2 аптадан соң белгілі болады. Ал утильдік алымға жасалатын 50 проценттік жеңілдік мамыр айында қолданысқа енуі мүмкін.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Марат Қарабаев тиісті құжатты сәуір айының ортасына дейін әзірлеу үшін жауапты органдар барын салатынын жеткізді.

Сондай-ақ, утильдік алым отандық автокөлік бағасына еш әсер етпейді деді. Былтыр жыл басынан бері қазақстандық темір тұлпар бағасы 8,7 процентке қымбаттаған. Импорттық көлік құны 9 пайызға өскен.

Шынар Оразова

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz