Зейнетақы қорындағы жинақ желтоқсанда 298,7 млрд. теңгеге азайып кеткен

49

2021 жылы Қазақстанның алтын қоры 3,1 пайызға азайған. Бұған мемлекеттік қарызды төлеу мен валюталық интервенция себеп болған. Сөйтіп, алтын қорымыз ұлттық қордың активтерін қосқанда желтоқсан айында 89,7 миллиард доллар болды. Ал инфляция былтыр 8,4 пайызды көрсетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2020 жылдың желтоқсанында инфляция 0,9 пайыз, 2021 жылдың соңғы айында 0,6 процент болған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинағы желтоқсан айында 298,7 миллиард теңгеге азайып кеткен.

Биылғы жылдың бірінші қаңтарындағы көрсеткіш бойынша қорда жалпы сомасы 13,1 триллион теңге қалған.

Шынар Оразова