Жаяу жүргіншілер тоннелі наурыз айында аяқталады

83

Бүгінде Шымкенттегі Т. Рысқұлов – Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықта жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы жүргізілуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс жұмыстарының барысын аралап шықты. Жоспар бойынша, жаяу жүргіншілерге арналған тоннель толығымен 2022 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Қазіргі таңда Қонаев даңғылы тоннель арқылы және Рысқұлов көшесі бойынша толықтай көліктердің қозғалысы ұйымдастырылған. Жалпы жолайрықпен тәулігіне 142 мың автокөлік өтеді.

                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева