Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап жалдамалы баспананы субсидиялауға өтінім қабылдау бойынша цифрлық платформа іске қосылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу мақсатында қолға алынған жоба алғашында пилоттық режимде жұмыс істейді екен. Бұл туралы Премьер Министрге баядама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
«Платформа электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінім беруді және өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек министрліктердің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау арқылы іске асырылады. Өтінімдерді қабылдауды 5 сәуірден бастауды жоспарлап отырмыз», — деді министр.
Мөлдір Ибадуллаева