Жазушылар одағының Шымкент қаласы бойынша басшысы тағайындалды

241

Қазақта “Қос тойың қабат болсын” деген жақсы сөз бар. Әдетте Шымкенттің тойлары қабат келіп жатады. Сол дәстүрден жаңылмай, бүгін Әл-Фараби кітапханасында екі іс-шара қатар өтті.

Алдымен, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Нармахан Бегалыұлымен кездесу өтті. Келелі әңгіме болды.
Содан соң, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры болып көрнекті ақын Дәркен Танабай тағайындалды.

Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан және Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, “Жұлдыз” журналының бас редакторы, қаламгер Мереке Құлкенов Шымкентке арнайы келіп, осы іс-шараларға қатысып, Одақтың алдағы жоспарын айтты.

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz