Оқырмандарымыздың бірі Newscorr қызметіне халықаралық тас жолда болған жол апатының бейнежазбасын жіберді.
Видеода көлік апатынан зардап шеккен жолаушылардың жол бойында жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Жол апаты ақпан айының 5-і Астрахань-Атырау-Ақтөбе халықаралық тас жолында болған. Тура Мақат ауылына бұрылар тұста «Газель» маркалі жүк көлігі мен Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысады. Бейнежазбада бес адамның жол бойында жатқанын байқайсыз.
Абырой болғанда жол апатынан адам шығыны жоқ. Бәрі аман қалған. Бірақ ауыр жарақат алыпты. Аталған жайтқа байланысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.