Елімізде 1 миллион гектардан аса егістік алқабы бос жатыр. Игерілмей жатқан жерлер ғарыштық бақылау арқылы анықталды. Космомониторинг жайылымдардың жағдайы туралы да мәлімет береді.
Ауыл шаруашылығы саласын цифралдындыру жұмысында ғарыштық бақылау негізгі бағыттардың бірі. Бұл жұмыс елімізде 3-4 жыл бұрын басталған. Алғашқы нәтижелер жаман емес. Алайда бірқатар мәселені шешу керек. Сенат депутаттары «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы өкілдерімен кездесіп, өзекті сұрақтарды талқылады.
Әли Бектаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты: «Жан-жақтан есептегенде, біздің ауыл шаруашылық жерлер статистикасында айырмашылықтар көбейіп жатыр. Бұл ауыл шаруашылығын дамыту үшін өте үлкен кедергі. Сондықтан, цифрландыру жұмысын бастап жатырмыз ба, жердің балансын түгендеп, бастау керек. 5-6 мекеме болсын, шетелдің компаниялары болсын, солардың мәліметтерін де пайдалануға болады, егер шынында да пайдалы болса. Олардың бәрін біріктіріп, басын қосып, соған бір оператор болатын мекеме болу керек».
Шынар Оразова