Air Astana Ресейге бірнеше рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр

139

 Air Astana компаниясы өндірістік себептерге байланысты Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.

«Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда Алматы және Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстер орындалып жатыр», — делінген компания хабарламасында.Компания  өндірістік мәселелерді тез арада шешуге тырысып жатқанын атап өтті.
Бәрі сәтті шешілген жағдайда Air Аstana мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына рейстерді жандандырады, деп сендірді әуе компаниясы.