Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді

160

Әл-Фараби ауданының әкімі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Рашид Мыңбаев соңғы кездері шағымдар жиілеп кеткен аймақтағы тазалық мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді. Әкімге бағынатын аудан шаһардағы орталықтың бірі болып саналады.

Теміржол вокзалындағы смарт аялдама жұмысын бастады. Бұрындары бұл аялдама жолаушылардың емес белгілі тұрақ-жайы жоқ панасыз азаматтардың ордасына айналып кете жаздаған болса, енді өңір басшысы мұнда тәртіпті реттеуге уәде беріп отыр. Қалада өз қаражатына 9 аялдама орнатқан инвестор бақылаудың толық болатынына сендірді.

Инвестор: «Дүйсенбіден бастап ол жерге wi-fi орнатамыз, қазір операторды ауыстырдық және аялдама жұмыс істейді, кондиционерлер бар, олар қазір өшірулі, өйткені ішінде термоперде жұмыс істейді. Ал бапанасыз азаматтарға қатысты айтарым. Түнде адамдар шағымданса, менің нөмірім есікте жазылған, полиция жібереміз».

Айтулы аймаққа қатысты сұрақтар өте көп және олардың басым бөлігі тазалыққа қатысты. Адамдар мұнда күл қоқыстың сирек тазаланатын айтып жиі шағымданады. Аудан әкімі қазір тазалық жұмыстары күшейтілгенін, аумаққа жаңа қоқыс контейнерлері орнатылып жатқанын айтты.

Рашид Мыңбаев, Әл Фараби ауданының әкімі: «Теміржолы вокзалы төңірегінде қоқыс күніне екі рет шығарылады. Сонымен бірге ол жақта қоқысты қосымша шығарылады. Жалпы қоқыс мәселесіне келсек, қазір ауданда жарыс жүріп жатыр. Наурызда бітеді. Компаниялармен келісімшартты ұзарттық, демеушілердің көмегімен қоқысты шығарып жатырмыз».

Аудан әкімі аймақта барлық жоспарланған жұмыстардың атқарылып жатқанын айтады. Яғни, тұрғындардың түйіткілді мәселелері ретімен шешілуде. Олардың негізгілері жол мәселесі, сумен қамтамасыз ету және тазалықтың жайына қатысты.

Шынар Оразова