Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 25 мың тоннаға жуық қоры бар. Яғни, ең қажетті азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына ешқандай себеп жоқ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Тағы 124 мың тонна картоп, пияз, сәбіз жеткізуге келісімшарт жасалған. Бүгінде үйдің жанында орналасқан дүкендерде азық-түлік бағасын орынсыз көтеру байқалады.
Сондықтан, әкімдік қызметкерлері тексеріс жұмыстарын бастады. Үкімет басшысы да әр өңірдегі жағдайды жіті қадағалап отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігі нарықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізуде. 2024 жылға дейін қажеттілікті 100% отандық тауарлармен қамту көзделген.
Шынар Оразова