Ақтөбе халыралық әуежайы екі аптаға жабылады

81

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы 17-інші наурыздан бастап екі аптаға жабылады. Оған ұшу жолағындағы олқылықтар себеп болып отыр.

Нысанның жай-күйін азаматтық авиация комитетінің өкілдері, облыс әкімдігі мамандары мен әуежай қызметкерлері тексерген. Нәтижесінде, 3 шақырымдық ұшып-қону жолағының талапқа сай емесі анықталды.

Яғни, жарықшақтар пайда болып, плиталар қабыршақтанып кеткен. Сондықтан, екі апта ішінде жөндеу жүргізілмек. Әуежай басшылығы бұл жұмыстарға қаржы бөлуге дайын.

Руслан Хамбаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Ұшақ бұрылатын тұстағы жабындыларды жөндеу туралы шешім қабылданды. Негізі авиация әкімшілігіндегілер әрі қарай ұшуды жалғастыруға болады деді. Дегенмен біз жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін ескеріп отырмыз. Жабындыны қалпына келтіреміз».

Шынар Оразова