Министр Талдықорғандағы №4 мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлесті

86

Күні кеше әлеуметтік желіде мұғалімге дауыс көтеріп, балағаттаған оқушының видеосы тарап кеткен болатын. Осы оқиғаға байланысты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімге хабарласқанын жазды.

«Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім.

Баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек», — деп жазды Білім және ғылым министрі.