Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін реформалау келесі жылдың қаңтарына дейін шегерілді. Әзірге агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау қағидасына сай жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саланы қаржыландырудың қосымша тетіктері қарастырылып жатқанын баяндады. Өйткені биыл егістік науқанына қажет барлық материалдық-техникалық ресурс қымбаттап кеткен. Оның үстіне былтырғы қарыздарды өтеу міндеті тұр.
Ал жаңа жүйеге сай субсидия үлесі азайтылып, жеңіл несие беріле бастайды. Бірақ оны жетілдіру қоғаммен талқылау әлі де жалғасады.
Шынар Оразова