Балалар спорттың 71 түрімен тегін жаттығады

177

Мегаполисте биыл 14 мың бала тегін 71 спорттық үйірмемен қамтылады. Бұл туралы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев мәлімдеді.

4-18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттығады. Қазіргі таңда мемлекеттік спорт тапсырысына 922 кәсіпкерден өтінім түсіп, біліктілік іріктеуінен соң 85 кәсіпкерге оң шешім берілген.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі футбол, жүзу, таеквондо, каратэ, баскетбол және бокс спорт түрлеріне ұсыныс берген. Тапсырысты іске асыруға ағымдағы жылы бюжеттен 2,3 млрд. теңге бөлінген.

Иззат Миралиев