Өткен тәулікте елімізде 22 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан індет жұқтырғандар анықталмады.
Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 645. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ ал Түркістан облысынан 4 адам вирустан жазылды. 25 наурыздағы жағдай бойынша елде 5 377 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 565-і стационарға жатқызылса, 4 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 37 адамның жағдайы ауыр, ал 21 пациенттің халі өте ауыр. 10 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 444 995 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 131 657 адам салдырды. Ал Шымкентте 600 491 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 589 719 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 313, II компонентін 1 045 849 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар