Биыл инвестиция көлемін 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр

61

Шымкентте өткен жылы қала экономикасына 462 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2020 жылмен салыстырғанда 60,3 пайызға артқан. Биыл жоспар бойынша инвестиция көлемін 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Ал алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. 2022 жылы 65 жоба жүзеге аспақ.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 16,1 млрд. теңгеге 593 жұмыс орнын құрылып, 15 жоба іске қосылған. Биыл аталған бағытта мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Гүлдана Дәурен