“ДәмДәсTour” атты тұңғыш ресторандар жәрмеңкесі өтпек

158

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен 21-22 наурыз күндері “ДәмДәсTour” атты тұңғыш ресторандар жәрмеңкесі өтпек.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық ресторан қатысып, 6 номинация бойынша бақ сынасады. Айгуль Мукей, Мақсат Мамраймов, Игорь Копайлов сынды бірнеше қазылар алқасының мүшесі номинация иелерін анықтап, қаржылай сыйларды ұсынатын болады.

Аталған күнде Argonya, Metis’s сынды елімізге танымал және қаламыздың бірқатар өнер жұлдызы ән шырқайды. Одан өзге, келушілер арасында конкурс өтіп, ресторандар тарапынан тегін тамақтану үшін сертификаттар беріледі. Сондай-ақ, 2200 шыны “Шымкент шайы” келушілерге тегін ұсынылады.