Елімізде өткен тәулікте 17 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент тұрғындары жоқ. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 484 -ке жетіп отыр.
29 наурыздағы жағдай бойынша елде 3 673 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 419 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 3 254 -і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 27 адамның жағдайы ауыр, ал 19 пациенттің халі өте ауыр. 8 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 451 240 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 9 150 398 адам салдырды. Ал Шымкентте 600 655 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 590 052 -і алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 314 , II компонентін 1 045 886 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта тұр.
Мөлдір Ибадуллаева