1-ші сәуірден бастап еліміздегі ірі кинотеатрлар желісі жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұған Ресей арқылы келетін Голливудтық фильмдерге салынған шектеу себеп,- дейді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
Олардың айтуынша, Голливудтың үлкен бестігі – The Walt Disney Company, Warner Bros, Universal Studios, Sony Pictures және Paramount киностудиялары Ресейге қарсы санкциялар режиміне қосылғандығына байланысты қазіргі жағдай зерттеліп жатыр. Жақын күндері Мәдениет және спорт министрлігінде кинопрокат пен киножелілердің басшыларымен кездесу өтпек. Онда Қазақстандағы кинотеатрлардың жұмысын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қаралады.
Ал, кинотеатрлар желісінің өкілдері Ресей арқылы жұмыс істейтін голливудтық компаниялар кино ұсынудан бас тартып жатқанын айтады.
Шынар Оразова