Баспана тағы қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір айда бес жарым пайызға көтерілген. Әсіресе, қолданыста болған үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр. Шаршы метрінің орташа құны 432 мың теңгеге жетті. Яғни, бір айда 5,5; ал бір жылда 24 пайызға шарықтап отыр. Ал жаңа үйлердің бағасы ақпанда 0,4 пайызға көтерілген. Жылдық өсім 14,6 пайызды құрады . Бұған дейін жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары доллармен бірге баспана бағасы да қымбаттайтынын айтқан болатын. Өйткені, импорттық құрылыс материалдарының үлесі басым
Шынар Оразова