Халықаралық іздеу жарияланған Назым Алдаш табылды

180

Түркістан облысының полицейлері бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен, тіпті халықаралық іздеу жарияланған Назым Алдашты тапты. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жоғалған Назым Алдашты жедел қызметкерлер Жамбыл облысының Жаңатас қаласында аман-есен тапты. Полицейлер Назымның азаматтық некедегі жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазір Назым Алдаштың із-түссіз жоғалуының себебі тексеріліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.