Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды

64

Шымкент қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары мәслихат депуттарымен бірігіп халықпен кездесті. Салаға жауаптылар тұрғындарға түрлі бағытта құқықтық кеңес беріп, заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндірді. Азаматтарды қандай мәселелер толғандырды?

Бұл Қызылжар шағынауданының тұрғындары. 200-ден астам адам жиналған басқосуда заңнамаға енгізілген өзгерту мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауап алды. Шалғай шағынауданның халқы бұл жиын біз үшін өте пайдалы болды дейді.

 

Халық пай үлесіне, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, сонымен қатар, алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға қатысты туындаған түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Айта кетейік, азаматтар заң тұрғысынан көмек қажет болса, арнайы тетікке де жүгіне алады.

Жалпы әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мұндай іс шараларды жоспарлы түрде ұйымдастырып келеді. Жауаптылардың сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын табады.

 

Мөлдір Ибадуллаева