Клиенттердің шетел валютасын сатып алуын бақылау міндеттелді

7

Президент екінші деңгейлі банктерді клиенттерінің шетел валютасын сатып алуын бақылауға міндеттеді.«Мемлекеттік қатысы бар компаниялардың валютадағы түсімдерін сату көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету мәселесін пысықтаған жөн. Жеке жер қойнауын игерушілер де өзінің валютадағы түсімдерін сатуды қамтамасыз етеді деп күтемін. Өзінің келісімшарт міндеттемелерін орындау аясында екінші деңгейдегі банктер өз клиенттерінің валютаны сатып алуын бақылап, мониторинг жүргізуі керек. Банктердің осы талаптарды сақтауын қадағалау бойынша қатаң бақылау орнату қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол қаржы саласын реттеуші үш органға валюта нарығындағы алыпсатарлықпен күресті күшейтуді тапсырды.

«Нарықтағы спекуляциялар ешбір жағдайда резервтеріміздің ақтаусыз «жағылуына» себеп болмауға тиіс. Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Шынар Оразова