ЕАЭО пен ҚХР тәуелсіз халықаралық валюталық-қаржы жүйесін түзбек. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев айтты.
Кеше одақтың телеграм-каналында осындай ақпарат тараған еді. Халықаралық валюта қатысушы елдердің ұлттық валютасы мен биржалық тауар бағасының индексі ретінде есептеледі. Ай соңына дейін алғашқы жоба ұсынылуы керек-тін. Алайда кешірек, бұл мәлімет сайттан алынып тасталды.
Сергей Глазьев бастаманың әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне байланысты тараптардың қарым-қатынасын нығайтуға жол ашатынын айтқан.
Шынар Оразова