Еліміздегі құс өсірушілер нарықтағы орнынан айырылып қаламыз ба деп қауіптенеді. Одақ Президенті Руслан Шәріпов қазақстандықтарды құс өнімдерімен толық қамтуға қауқарымыз жетеді,- дейді.
Алайда, Ресейге салынған санкциялар салдарынан рубль бағамы түсіп, доллардың шарықтауы байқалып тұр. Ресей ЕАЭО аумағында тамызға дейін астық эспортына тыйым салмақ. Жалпы жұмыртқа бағасының 70 пайызын жем құрайды. Оған қоса, асыл тұқымды балапан, құс өсіруге қажет жабдықтардың бәрі шетелдерден алынады. Порттардың жабылуы түйткілді күрделендіре түсті. Руслан Шәріпов отандық құс өсірушілерге қолдау керек дейді. Ол үшін Ресейден келетін жұмыртқа мен құс еті импортына шектеу қою қажет. Қазірдің өзінде елде 6 құс фабрикасы жұмысын тоқтатқан. Тағы үшеуі жабылу алдында тұр.
Шынар Оразова