Пробация қайта қылмыс жасаудың алдын алады

105

 

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жыл¬дың 15 ақпанындағы «Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының кейбір заңнамалық акті¬ле¬ріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Де¬генмен, аталған халықаралық кон¬ференция барысында Ішкі істер минист𬬬¬лігі Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев атап көрсеткендей, Қазақ¬станда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай проба¬ция¬ның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Оның одан әрі қарайғы дамуы Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-қадамының аясында жүзеге асырылды. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты.

Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет¬тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету¬де¬гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас¬¬¬тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо¬логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңна¬мବсына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеу¬мет¬тік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азамат¬тармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекет¬тесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Азаматтардың қылмыстық сот тө¬р嬬лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал¬ған, жаңа Қылмыстық кодекс¬те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі¬мі¬нен бұрын босату уақыттары азайтылды. Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Қазақстанда жыл сайын пробация қызметінің есебінен 50-60 мыңдай адам өтеді.

ҚАЖ комитетінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы¬на олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеу¬меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл¬мыс жасау орын алады.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімі, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі және Қылмыстық – атқару кодексінің талаптарын, сонымен қатар, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 15.08.2014 жылғы № 511 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасы» нұсқаулығын, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 18.08.2014 жылғы № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы» нұсқаулықтарды басшылыққа алып, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріндегі тұлғалармен қоршаған ортаға қайта бейімдеу, әлеу¬мет¬тік-құқықтық көмек көрсету бойынша, қайталап қылмыс жасаудың, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын – алу және оны болдырмау бағытында жұмыстар атқаруда.

Б.Сарыпбеков,

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша
ҚАЖ Департаменті Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің
аға инспекторы әділет майоры