«Қару» іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 40 қару тәркіленді

96

Шымкент қаласы аумағында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер айналымымен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара барысында заңсыз айналымнан 40 қару алынған. Оның ішінде 29 қару тәркіленген. Ал 11-і ерікті түрде қабылданған.

Сондай-ақ, қала аумағында тіркеуде тұрған 6481 қару иесі тексерілген. Бұдан өзге 63 қару уақытша сақтауға тәркіленіп, 4 қару жоюға жолданған.

Қару иелерінен анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі – сейфті қабырғаға немесе еденге қатырмайтындары, дабыл бергіш құрылғысының істен шыққандығы сияқты кемшіліктер кездесті. Бұл кемшіліктер қаруды өзге пайдалануына әкеп соғуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Сондықтан қаруды сақтау ережелерін қатаң ұстану қару иелерінің басты міндеттерінің бірі деп айтуға болады. Ол үшін:
– Қаруды стандартқа сәйкестендірілген темір сейфте сақтау қажет;
– Қару сақтайтын сейфте басқа бағалы заттардың яғни ақша, алтын бұйымдардың және т.б. сақталуына тыйым салынады. Тек қана қару, оқ дәрілер және оған арналған қосымшалар сақталу керек;
– Сейфке міндетті түрде дабыл беру жүйесі орнатылған, оның ішінде мобильді телефонға хабарлама беру мүмкіндігі қарастырылған болуы тиіс;
– Сейфтің кілті тек қару иесінде болуы керек, яғни қару отбасы мүшелеріне әсіресе жасөспірім балдарға қолжетімсіз жағдайда сақталуы қажет;
– Қару иесі ұзақ уақыт яғни 1 айдан астам үй жайында болмаған кезде қару ІІО-на немесе орталық сақтау пунктіне өткізілуі тиіс.

Құрметті қала тұрғындары, егер тіркелмеген отты қаруларыңыз болса, өз еріктеріңізбен Ішкі істер органдарына тапсырған жағдайда жауапкершілікке тартылмайтыны жөнінде ескертеміз. Ал, тәртіп сақшыларымен тәркіленген жағдайда, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі