Қаржыны қайда инвестициялау тиімді?

121

1 АҚШ доллары 500 теңгеге жуықтады. Бұл ретте бар жиған-тергеннен бір сәтте айырылып қалмас үшін сарапшылар алтынға инвестиция жасаған абзал дейді.

Мамандардың пікірін статистика қуаттай түседі. Мәселен, былтыр тұрғындар екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындарынан 1 тоннадан астам алтын құймасын сатып алған. Оның жалпы соммасы 70 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл 2020 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 24%. Ал жыл басынан бері алтынның долларға шаққандағы құны 7 % өсті.

Ұлттық банк ел тұрғындарына алтын құймасын сатып алу бағдарламасын 2017 жылдан бастап іске қосты. Содан бері шамамен 3 тоннаға жуық алтын сатылды. Байлықты сақтаудың тағы бір жолы Ұлттық банктің инвестициялық монеталары. Одан түсетін пайда құнды металдың салмағы мен бағасына байланысты.

Шынар Оразова