Қазақстан мұнайы саудадан шеттетілді ме?

152

Үндістанның Indian Oil Corporation ірі мұнай-газ компаниясы саудадан Ресей мен Қазақстан мұнайын алып тастады. Мұны олар санкциялардың салдарымен байланыстырып отыр. Бұл туралы америкалық S&P Global Platts ақпарат агенттігі хабарлаған.

Ал Қазақстанның Энергетика министрлігі америкалық ақпарат құралының бұл жазбасын қисынсыз деп отыр. «Өйткені Indian Oil Corporation Уралс мұнай маркасы және Каспий құбыр консорциумынан өнімді тек FOB базисінен алу жөнінде тоқтату туралы хабарлаған. Себебі, өздерінің мұнай өндеу зауыттарына дейін тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығын көлемі артқан. Ал егер сатушы үндістандық компанияның мұнай өндеу зауыттарына өзі жеткізіп берсе, онда мұнай сатып алынады», — дейді министрлік өкілдері.