Қазақстанда автомобиль дискілерін шығаратын жаңа зауыт салынуы мүмкін. Бұл жоба Ташкент инвестициялық форумында талқыланды. Өзбекстандағы бизнес серіктестермен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі кездесті. Көрші елмен машина жасау саласында бірлескен орта деңгейдегі жобалар бар. Енді ірі санаттағысын қолға алу көзделіп отыр. Тараптар автомобиль дискісі мен басқа да бөлшектерді еліміз аумағында жасауға ниет білдірді. Форумға қатысқан қазақстандық бизнес өкілдері іскерлік кездесулер аясында бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған 10-нан астам келісім жасасты.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сол себепті 100 шақты кәсіпкер бізбен еріп келді. Қазақстанда, Өзбекстанда бірге атқаратын кәсіпке дайынбыз».
Шынар Оразова