Қызылордалық шенеунік қамауға алынды

105

Қызылордада облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды. Оған қаржы жымқырды деген айып тағып отыр.

Шенеунік құрылысы бітпеген нысанды қабылдау барысында 14 жарым миллион теңгені өз пайдасына жаратқан. Қазір іске қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 12 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Шынар Оразова