Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot салық кеңесшісін іске қосты.»Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу мақсатында Telegram-да чат-боты іске қосылды.
Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады», — делінген ведомство хабарламасында.
@SalyqBot кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.