Шекарашылар электрондық темекіні заңсыз кіргізудің алдын алды

98

2022 жылғы 7 наурызда шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан контрабандалық өнімді кіргізудің екі фактісінің алдын алды.

Қырғызстан азаматтарының «Вольво» және «Мерседес-Бенц» жүк көлік құралдарын Қазақстанға кірер алдындағы тексеріс барысында ілеспе құжаттары жоқ «электрондық темекінің» ірі партиясы анықталды. Жүктің алдын ала құны шамамен 210 млн теңгені құрайды.

Ұсталған тауар мен көлік құралдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.