Шетел валютасын елден әкетуге тыйым салынды

95

Елден құны 10 мың доллардан асатын шетел валютасын алып шығуға тыйым салынды. Қаржы сомасы Ұлттық банктің сол күнге белгіленген бағамы бойынша есептеледі.

Сондай-ақ Ұлттық Банк шығаратын тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын «алтын барыс» және «күміс барыс» инвестициялық монеталарын, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынды.

Мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қаулы шығарды. Ел үкіметі мен Ұлттық банк және мүдделі мемлекеттік органдарға осы жарлықты іске асыруға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Жарлық осы аптадан бастап күшіне енді.

Шынар Оразова