Шымкент: 30-ға жуық ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды

96

Абай ауданы бойынша 30-ға жуық ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды. Аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік аумақта түнгі рейд өткізді.

Рейд барысында жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орталықтары, аулалар және саябақтар тексерілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде екі күнде 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрген 26 жасөспірімді анықталды. Олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер кафе, дүкен иелерімен жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатуға жол бермеу туралы профилактикалық сұхбаттар өткізді.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева