Шымкент қаласы бюджетінің көлемі 488 млрд. теңгені құрады

68

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті 14-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне ұсынылған 16 мәселе алдын тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында жан жақты талқыланғандықтан олар бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

Шаһар аумағы, іргесіндегі елдімекендер 2024 жылға дейін қолжетімді сапалы интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, жер учаскелердің жеке меншікке берілгендегі төлемақының базалық ставкалары белгіленді.

Ең бастысы қаланың бюджеті нақтыланды. 19, 4 млрд-қа ұлғайған бюджеттің көлемі 488 млрд-ты құрады. Қаражат бірқатар салаларға  бағытталды.

Шынар Оразова