Шымкентте бауыр циррозына бірегей ота жасалды

140

Шымкенттік дәрігерлер өңірде алғаш рет бауыр циррозына шалдыққан науқасқа эмболизация әдісімен  күрделі ота жасады. Бауырдағы дерттің асқынуының алдын алатын мұндай бірігей ота Қазақстанда екінші рет жасалып отыр.

Ота үстеліндегі науқас елу жастан асқан қала тұрғыны. Бауыр циирозына шалдыққан пациентке операция эмболизация әдісімен  яғни, жабық түрде жасалуда. Тіліксіз жасалатын ота кезінде науқас есін толықтай біліп жатқандықтан, бізге онымен тілдесудің сәті түсті..

Қазына Байтүгелова, Шымкент қаласының тұрғыны:
«Операция алдында қорқыныш болған еді. Дәрігерлермен сөйлесіп, солардың бір ауыз жылы сөзіне сеніп, қорқынышым басылды.

Операция кезінде дәрігерлер тамыр ішілік әдіспен өңештегі кеңейген қан тамырларына арнайы құрылғымен еніп, оны бітеп берді. Мұндай күрделі операцияны жергілікті дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласынан келген әріптестерімен бірге жасап шықты. Дәрігерлер науқастың үш сағатқа созылған операциядан кейінгі жағдайы жақсы екенін айтады.

Нұржан Қарабаев, дәрігер-хирург
«Нұрсұлтан қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жоғары санатты, рентгенэндоваскулярлық хирургі Мун Е. В. қатысуымен мастер класс өтіп жатыр. Бұл тәжірибиеден кейін мұндай отаны өзіміз көптеп жасаймыз деген сенімдеміз. Бұл отаның тиімдігі бір ғана тесік арқылы пациенттің жағдайын жақсартып, қан кету қаупін азайту»

Айта кетейік, №2 қалалық ауруханада бұған дейін бауыр циррозына шалдыққан науқастарға көк бауырдың артериясын эмболизациялау әдісі арқылы 15 ота жасалған болатын. Ал бүгінгі операция барысында дәрігерлер науқастың өңештегі варикозды кеңейген қан тамырларын арнайы әдіспен бітеп берді. Мамандардың пірірінше тіліксіз жасалатын бұл операция науқаста қан кету қаупін азайып, трансплантацияның алдын алады дейді.

Лаура Нахыпқызы