Желіде жұртшылық мамандандырылған ХҚО ғимаратының қақпасын бұзып өткені туралы видео тарап жатыр, авторлар видеоға барлығы жүргізуші куәлігін алу үшін келген деп түсініктеме берді.
Белгілі болғанындай, оқиға шын мәнінде үшінші мегаполистегі мамандандырылған ХҚО-да болған. Ведомство өкілдері түсіндіргендей, Шымкент қаласының №1 арнайы ХҚО-да С1 (жүк көлігі) санаты бойынша практикалық жүргізуші емтиханынан өтуге ниет білдірушілердің кезегі тым көбейіп кеткен.
«Бұл қалада бар екі автодромның бірінде техникалық жөндеуден өтуіне байланысты. Арнайы ХҚО-ның өзі штаттық режимде жұмыс істеп, автокөліктерді қайта тіркеу және теориялық емтихан тапсыру қызметіне клиенттерді қабылдауда».
Ақпан айының соңынан бастап автодром жұмысын жалғастырып, көлік жүргізудің барлық санаттары бойынша келушілерді қабылдай бастады. Дегенмен, осы уақыт ішінде тәжірибелік емтихан тапсыруға ниет білдірген азаматтардың қатары кбейіп отыр.
ВЖауапты мамандар түсіндіргендей, No1 арнайы ХҚО-ға Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес (халық саны – 1 миллионға жуық адам), бүкіл Түркістан облысының (халық саны – 2 миллионнан астам адам) жүгінуі жағдайды қиындатып отыр.
Енді арнайы ХҚО-ның жұмыс кестесі ұзартылды. Сондай-ақ С1 санаты бойынша емтихан тапсыруға қосымша автокөлік бөлінді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының ДП-мен С-1 санатындағы көліктерге GPS датчиктерін орнату кезеңіне уақытша тәжірибелік емтихан тапсыру мәселесі пысықталуда.
Қазір Түркістан облысында арнайы ХҚО ашу мәселесі шешілуде. Оқиға нәтижесінде клиенттер тарапынан құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Сондай-ақ мүлікке ешқандай зиян келген жоқ.