«Қош келдің, Наурыз». Шымкентте бүгін осындай атаумен көш бастаған керуен жолға шықты. Олар қала орталығының бірнеше маңызды нүктелеріне аялдайтын болады. Керуеннің шығу мақсаты — қалада наурыз айында өтетін іс-шаралар туралы айтып, халықты құлағдар ету.
Түйеге мінген бұл ақсақал керуен көшін бастап келеді. Ал оның соңынан ат тізгіндеген жастар еруде. Бұл керуеннің жолға шығудағы мақсаты — Шымкентте наурыз айында өтетін іс-шара туралы айтып, оның мән-маңызына тоқталу.
Қыдыр ата: «Бүгіннен бастап төрімізге аттап келе жатқан әз-Наурыз бағдарламасын хабарлау үшін, насихаттау үшін бүгін міне жолға шықтық. Қаланы аралап, елге осы наурыз мейрамында өтетін бағдарламасын айтып, сол бағдарлама бойынша қалада өтетін мерекеге қала тұрғындары баршаларыңызды шақырамыз».
Қала әкімшілігінің алдынан жолға шыққан керуен шаһардағы Евразия, Айна базар, 11 мөлтек ауданы, Кең баба, Орталық Саябақ, Мега Парк, Жастар аллеясы, Арбат және Шымкент плаза секілді бірқатар жерлерге аялдайтын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара айдың соңына дейін жалғасады.
Жұмабек Есімов, «Қош келдің, Наурыз» керуені іс-шарасының ұйымдастырушысы: «Бұл 1 наурыздан басталған, алғыс күнінен басталды. 8 наурыз, бүгінгі «Қош келдің, Наурыз» керуені бар, 13-і Қошқар ата сейілі мерекесі бар, 14-і көрісу күні бар. 16-сы «Ізгі істер» күні, 21-і Ұлттық тағамдар, 22-сі Наурыз мерекесі, айдың аяғына шейін мерекелер жалғасады».
Керуен көші жол-жөнекей бауырсақ пен түрлі тәттілер таратып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күйін сыйлайтын болады.
Әлихан Файзханов