Өңірлердегі орын алған қанттың төңірегіндегі дүрбелең Шымкентті де айналып өтпеді. Кейбір дүкендерде сөрелер қаңырап, ұзын сонар кезектер тізілген. Тұрғындардың айтуынша, сауда нүктелерінде әлеуметтік тауарлардың бағасы да едәуір көтерілген.
Құмшекердің тапшылығы, бағасының шарықтап өскені шымкенттіктерді бей жай қалдырмады. Олар дүкендер мен ірі сауда орындарында кезекке тұрып құмешекерді сатып алуда. Алайда айтулы өнім әлеуметтік тауарлар тізімінде болғандықтан, бір қолға бір келіден босатуда.
«Қант жоқ қой үйде таусылмаған соң келіп алып жатырмыз бір келіден болса, отбасында үш адам бізге жетеді».
«Аздық етеді не істейміз, 305 теңгеден ана жолы сатып алып едім. Бүгін тым қымбаттап кетіпті».
Бұл шымкенттіктердің пікірі.
Кәсіпкерлердің айтуынша бір қолға бір келіден босату мәжбүрлі шара дейді.
Айжан Наймбекова, гипермаркет директоры: «Бір қолға бір келіден беруге мәжбүрміз. Әлеуметтік маңызы бар тауар болған соң оны 10-20-50 келілеп сата алмаймыз. Біреулер 50-100 келіден сатып алуға ниетті. Қолдан дефицит тудырмау үшін осындай қадамға барып отырмыз. Күнде келіп алуыңызға болады. Бізде құмшекерді қоры жеткілікті».
Тұрғын үйлердің жанындағы дүкендерде бірінде құмшекер болса, біреулерінде сөрелер бос тұр. Бірі қордағы өнімді бағасын көтермей сатып жатса, екіншілері демалыс күндері барлығын сатып ұлгерген.
«Біздің азық түлік дүкенде құмшекер жоқ, таусылды. Базарда тәтті өнімді сатып алуға мүмкіндік болмады.
«Бізде қант бар. келісі 390 тенге. Қалаған адам келіп сатып алуына болады. Қазір тағы бір партиясы келу керек. Оның бағасы қандай болатынын білмейміз», дейді дүкен иелері.
Жауапты басқармада қант тапшылығын кәсіпкерлердің өзі қолдан жасауда дейді. Өткен демалыста мониторинг тобы құмшекерді шекті бағадан асыра сатқан кәсіпкерлерді анықтаған. Әзірге олар тек ескерту алумен шектелді. Егерде қайталанса айыппұл арқалайды дейді сала мамандары.
Абунасыр Жанбатыров, Шымкент қаласының ауыл шрауашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары: «Құмшекер әлеуметтік тауарлар тізінде. Сондықтан оның қоры жасалған. Бізде қазір 9 жарым мың тонна қант бар. Ал бір жылдағы қажеттілік 20 тонна. Қазір бізде оның жартысы бар. Біз кәсіпкерлердің басын қосып заңсыз әрекеттерге бармауға шақырдық. Егерде құмшекердің үстіне 15 пайыздық қосымша бағадан асырып қойылса баға онда шара көріледі».
Тұрақтандыру қорында қазіргі таңда 9 жарым мың тонна құмшекердің қоры бар. Мамандар қала тұрғындарын өнімді көптеп сатып алмауға шақырады. Ал егерде ондай деректер орын алса, қант жоғары бағада сатылып жатса, 24-75-41 телефонына хабарласуына болады.
Шынар Оразова