Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды. Қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұрғындарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Операция барысында Еңбекші ауданында арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 21 Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, олардың жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабымен, яғни, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын болады. Қазіргі таңда заңсыз көші-қонның алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Әлихан Файзханов