Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетті

71

 

15 наурыз күні сағат 18.30 шамаларында әл-Фараби ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері бір әйел адамның ес-түссіз жатқан азаматқа көмектесіп жатқанын байқайды. Ойланбастан сол жерге дереу жеткен сарбаздар, азаматтың жерге құлап, басы жарылғанын анықтайды.

— Біз өзімізге берілген бағыт бойынша қызмет атқарып жүргенбіз. Кенет жерде құлап жатқан адамды байқадық. Уақытты созбай, бірден бетіне су шашып, мүсәтір иіскетіп, есіне келтіріп үлгердік, — дейді әскери жасақ топ бастығы сержант Абылай Айсекен.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, аталған азамат Шымкент қаласының № ауруханасына жеткізілді.