Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэде есуден ересектер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды.
22-27 наурыз аралығында өткен құрлық чемпионатында еліміздің спортшылары үздіктер қатарынан көрінді. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 15 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдеге ие болды.
Атап айтқанда, ересектер арасында Татьяна Токарницкая мен Ирина Подойникова 1000 және 500 метр қашықтық бойынша 1-орын иеленді. Ал ерлер арасында Сергей Емельянов және Тимофей Емельянов ерекше көзге түсті. Сондай-ақ, жастар арасында Никита Кориненко топ жарып, жеңімпаз атаныпты.
Мөлдір Ибадуллаева