Шымкенттің орталығында дәмхана өртеніп кетті

117

Күні кеше Шымкентте күндізгі сағат 15:00 шамасында Қазыбек би көшесінің бойында жылжымайтын мүлік агенттігі мен дәмхана жұмыс істеп тұрған шатыр өртенді. Өрт 17 шаршы метр шатырды шарпыған.

Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жеткен. Олар өртті 15:39-да сөндірді.

Өрт кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге төрт бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.