Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдерін қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асуға шақырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында айтты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді. Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды», — деп жазды Берік Уәли.