Тоқыма өнімін импорттауға мәжбүрміз

142

Жүн өңдеушілер шикізатқа, ал оны өндірушілер қолдауға мұқтаж. Қой өсірумен 4 мыңдай шаруашылық айналысса да, тонналаған жүн өртеліп жатыр.

Елде 13 жүн өңдеу зауыты бар. Бірақ, тең жартысы жабық тұр. Сұраныс жоқ. Барының жүктемесі 30 пайызға әзер жетеді. Қарапайым заттар экономикасын қатыра алмағандықтан тоқыма өнімін импорттап отырмыз. Жүнді игерудің жүйелі тізбегі жоқ. Тері мен түбітті өңдеуге екі министрлік жауапты бола тұра,  нәтиже  әзрге жоқ. Сондықтан, қой шаруашылығы мен тұрғындардан шикізатты сатып алу, қабылдаудың сервистік-дайындау пункттерін көбейту керек, дейді сенаторлар.

Шынар Оразова