Тұмаудың алдын алу үшін кең ауқымда санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде

83
Sick Woman. Flu. Woman Caught Cold. Sneezing into Tissue

Пандемияның пайда болуымен респираторлық инфекциялардың алдын-алудың маңыздылығын сезіндік. Сондай-ақ, қазіргі уақытта коронавирусты инфекциямен қатар жүрген мерзімдік тұмау мен жоғары респираторлы вирусты инфекциялары бар.
Бүгінгі күнге тұмау ауруының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ауқымда санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

ЖРВИ – ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90%-ын құрайтын инфекциялық ауру. Тыныс алу жолдарының зақымдануымен жүретін аурулар тобы. Бүкіл әлем бойынша жыл сайын әрбір үшінші адам ЖРВИ-мен ауырады.

Тұмау – 3-5 күн аралығында жоғары дене қызуының көтерілуімен, жағдайының нашарлап, интоксикацияның айқын белгілерімен (бас ауруы, миалгия) бірге жүретін жедел жұқпалы ауру. Басқа жоғары тыныс жолдарының ауруларынан тұмаудың айырмашылығы, ол пневмония, орталық жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырлары мен есту мүшелерін зақымдайды.

Сонымен қатар, тұмау және ЖРВИ-ға шалдықпау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды: дұрыс ұйқы, дәрумендер мен микроэлементтерге бай тамақтану, физикалық белсенділік, дене шынықтыру және спорт, серуендеу және ашық ауада демалу, денені шынықтыру аурудың алдын алады.

Тұмаудан қорғану және басқаларға жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
— тұмауға қарсы дер кезінде егілу;
— суық тию белгілері бар адамдармен жанасудан аулақ болу;
— адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте көп уақыт бөгелмеу;
— медициналық бетперде кию;
— қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған спиртті құралмен сүрту;
— үй-жайларды ылғалды жинау, желдету және ауаны ылғалдандыру.