Түркістанда облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Оған аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері,облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Сессияны жүргізу жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев өз қолына алды. Онда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары сараланды. Жалпы сессия жұмысында мәслихат депутаттары 22 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Біз елге жақын болуымыз керек. Өткенде мен Сайрам ауданына барған кезде солардың тәжірибесін барлық жерге таратуды тапсырдым. Оларда Парасаттылық алаңы деген ашқан. Әр аптада, аптаның соңында ауылдарға барады. Өзінің командасымен әкім, депутаттар, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары сол жерде халықты жинайды. Ешқандай күн тәртібінсіз. Адамдар келеді, қандай сұрақ қойғысы келеді, соны қояды».
Әлихан Файзханов