Түркістан облысы Полиция департаментінде Елбасының қызы қызмет атқарады

247

Түркістан облысы Полиция департаментінде білдей бір Елбасының қызы қызмет атқарады. Өзіндік қауіпсіздік басқармасында жауапты қызмет атқарып жүрген аруымыздың есімі- Асем.

Әріптестерінің алдында тегіне сай беделі де өте жоғары. Жұмыста темірдей тәртіпке бағына білетін, қиналған жанның қасынан табыла білетін, үнемі бұлттан шыққан күндей жарқырап жүретін Асем өз өміріне риза. Кішкентай бүлдіршіндерінің тілеуін тілеп, отбасының қамы үшін бәйек болып жүретін анаға әйел бақытын тілейміз.
Қызметте биік дәрежеге жетіп, Елбасының қызы деген атағына еш нұқсан келмесін.
Үсейінова Асем Елбасықызын мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Арманы аласармасын, шаттығы ортаймасын. Өз кезегінде Асем :«Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!»,- деп ерекше құттықтау тілегін жолдады.